25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби» мешіті: Құрбан айт тақырыбында жұма уағызы өтті (фото)

«Әл-Фараби» мешіті: Құрбан айт тақырыбында жұма уағызы өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейтбеков жұма уағызын жүргізді.

«Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында жамағатқа уағыз, насихат айтқан Смайл Сүйерқұлұлы құрбан айттың қадір-қасиетіне кеңінен тоқталды.

Насихат барысында құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейтінін, онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түсетінін, пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналатынын атап өтті.

Ханафи мәзһабында құрбан айтта шамасы жеткендерге құрбан шалу – уәжіп екенін айта келе, «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деген Алла Елшісінің (с.ғ.с) өсиетін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, құрбан айттың сүннеттері хақында, айт күндері ерте тұрып, мешітке барардың алдында жуынып, иіссу себініп, ең жақсы киімді киіп, қолынан келгенше садақа беріп, түндерін құлшылықпен өткізу – мұстахап амал екеніне тоқталды.

Уағыз соңында Арапа күні ұсталған оразаның қабыл болуын тілеп, еліміздің амандығы мен бірлігі үшін жамағатпен дұға жасады.

080722 Juma 1

080722 Juma 3

080722 Juma 4

080722 Juma 5

ummet.kz

Бөлісу: