«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Құраным – мәңгі қорғаным» атты мерекелік, рухани Құран кеші өтті.
Шараның мақсаты – «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің діни сауат ашу сабақтарына алғаш аяқ басып, Алла Тағаланың мейірімінен үміт етіп, Құран Кәрімді оқып үйренсем, діни білімімді арттырсам деген ниетпен келген шәкірттерге қолдау көрсету болатын. Шара барысында мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызының атсалысуымен Құранды мүдірмей оқитын дәрежеге жеткен шәкірттерге лайықты құрмет көрсетіліп, марапатталды.
Шәкірттеріміздің құрметіне ақ дастархан жайып игі жақсылардың басын қосып, үлкендер бата беріп мешіт тарапынан дайындаған сый-сияпат тарту етілді.
Мешіттің наиб имамы Мамлюк Мусаев ізгі шараны ашып беріп, Құран оқудың дініміздегі мағызы мен сауабы жайлы мағыналы насихат айтты.
Құран кешінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының төрайымы Динара Құтқожақызы Құранға түскен «Фирдаус» оқу тобының шәкірттеріне арнайы әзірленген тәжді кигізіліп, Құранға түскендегіні растайтын сертификат табысталды. Кеш барысында әсем ән де айтылды, мағыналы уағыз да айтылды, ой саларлық көріністер де қойылды.
Кеш соңында шәкірттер мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызына алғыстарын білдіріп, сый-сияпаттарын жасады.
ummet.kz