Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы, исламтанушы Думан Сайфулла жұма уағызын жүргізді. Жамағатпен жүздесуде Думан Сайфулла зекеттің маңызы мен зекет берудің сауабы туралы пайдалы насихат айтты.
Зекеттің шынайы қадір-қасиетін түсініп, оның маңыздылығын ұғыну үшін, оның төмендегідей артықшылықтарын атап өтті:
Бірінші: Зекет беру арқылы адамдар арасында сүйіспеншілік орнайды.
Екінші: Зекет – адам нәпсісін тазартады.
Үшінші: Зекет беру арқылы адамның мал дүниесіне береке кіреді.
Төртінші: Зекет беру – үлкен сауапқа кенелтеді.
Және жамағатқа зекет беру мынадай жағдайда парыз болатыны кеңінен айтылды: мұсылман болу, нисап көлеміне жететін байлыққа ие болу, зекеті берілетін байлықтың көбейіп отыруын, зекеті берілетін байлыққа бір жыл толу мен қарызы болмау керектігін, сондай-ақ, зекеттің кімдерге беріліп, кімдерге берілмейтіндігі жайында кеңінен айтылды.
Насихат соңында Думан Сайфулла Рамазан айы кезінде мейлінше зекет-садақамызды беріп, еселеген сауапқа кенелуге шақырды.
Жамағатпен бірге Алла Тағаладан қасиетті айда ұстаған оразамызды, берген зекет, садақамызды, тілеген дұға ниеттерімізді қабыл етуін сұрап, дұға жасады.
ummet.kz