Бүгін «Нұр Астана» мешітінде мешіттің жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен ізгілікке толы іс-шара өтті.
Бүгінгі игі шара жалпы адамзатты қарт кісілерге құрмет көрсетуді мақсат етті.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алланы ұлықтаудың бір түрі – шашы ағарған мұсылманға құрмет көрсету» деген.
Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай өткізілген шарада мешіт шәкірттері арасындағы қарт кісілерге, аталарымызға ерекше құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сыяпат жасалды. Қариялардың қал-жағдайын сұрап, құрмет көрсетіп, сыйлық табыстаған мешіт қызметкерлері бүгінгі күнді мерекеге айналдырды.
ummet.kz