26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тағылымды ауызашар өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті сауат ашу курсына қатысқан шәкірттерге ауызашар дастарханын жайды. Ораза кешінде күні бүгінге дейін мешітте өткізілген Құран сабақтары мен шәкірттердің білім жолындағы ізденіс сәттерінен көрініс беретін бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Айтулы сауат ашу курстарының ерекшелігі де сол – онда есі кірген баладан еңкейген қарияларға дейін дін дәрісін үйренуге деген ынта-құлшыныстарының айрықша болуы.

Бүгінгі кеште ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы уақыт пен жастың айырмашылығына қарамай Ислам нұрымен сусындаған бұқараны қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сауат ашу курсында белсенділік көрсетіп, Құран үйренген ақжаулықты апаларымыз бен қарияларымызға, жас шәкірттерге арнайы сертификаттар табыс етті. Өз кезегінде көпті көрген қариялар Наурызбай Тағанұлы бастаған дін қызметкерлерінің еңбектерінің еселі, жұмыстарының жемісті болуын тілеп, ризашылық білдірді

Мұнан соң курстан алған тәлімді бір сәт сынға салар викториналық сұрақ-жауап ойынымен көрерменнің көңілін сергітіп, білімдарлығымен көзге түскен шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды.  Ал «Тағылым тамшылары» діни-рухани балалар театры арнайы қойылым жасап, Алмас Тегілбай уақыт жайлы өлең оқыды. Кеш соңынан барша қонақтарға сый-сияпат жасалды.

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: