25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тауық сойсам құрбандық болып санала ма?

Тауық сойсам құрбандық болып санала ма?

Құрбан Айт
Жарнама

Қасиетті Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінің, 34 аятында құрбан шалуға қатысты Жаратушы Иеміздің жарлығы орын алған.  

Сол аят-и кәриманың  түпнұсқасында «бәһимәтуль әнъам» сөз тіркесі қолданады[1]. Арабшада «Бәһимә» тіркесі «жануар», «мал» деген мағынаны білдірсе, ондағы «Әнъам» сөзі төрт түрлі малды білдіреді. Олар: түйе, сиыр, қой және ешкі[2]. Бұл дегеніміз, аталмыш малдардан өзге, жылқы, тауық, қаз, үйрек т.б. хайуандар құрбандыққа жарамсыз деген сөз. Мұнда мәзхаб ғұламалары арасында талас жоқ. Сондықтан да, құрбандыққа тауық не қораз шалынбайды.

[1] «Хаж» сүресі, 34 аят: «Біз әрбір үмбет үшін, өздеріне берген жануарлардан «бәһимәтуль анъам» түрінен (түйе, сиыр, қой және ешкіден), Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Құдайларың - бір-ақ Құдай. Сондықтан Соған бой ұсыныңдар! (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр».

[2] Тәфсируль Бәғауи: Хаж сүресі. 34 аят.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: