Жын – адам мен періштелер секілді Алла Тағаланың жаратылыстарының бірі. Жындар да адамдар секілді құлшылыққа, халалға бұйырылған, харамнан тосылған. Яғни, адамның да, жынның да шариғи мағынасы пендешілік жасау, өзінің құл екенін сезіну. Олар ақыл, кемшілік, күш сынды қасиеттерге, ақиқат пен өтірікті, жақсы мен жаманды таңдау еркіне ие болғанымен, адамдардан көп жағынан ерекшеленеді.
Жындар үнемі адаммен бірге ме?
Шайтан адамның барлық ісіне қатысады. Тіпті, ер мен әйел бір-бірінің алдындағы міндеттерін өтемес бұрын, Алладан пана сұрамаса оған да қатыса алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтты: «Шайтан сендердің барлық істерің қатысады. Ол тіпті сендер тамақ жегенде де кетпейді. Тамақтың кішкентай түйірін түсіріп алсаңдар, ол оны көтереді. Сондықтан, сендер оны тазалап, жеп қойыңдар да, шайтанға қалдырмаңдар. Жеп болғаннан кейін қолдарыңды жалаңдар. Ешкім берекенің тамақтың қай түйірінде екендігін білмейді» (Муслим).
Жындар адамға кіре ме әлде тие ме?
Ханафи мәзһабында Әбу Ханифа адамдарға жындар кірмейді, тиеді деген пікірді ұстанады. Яғни, жындар адамдарға тиіп кетуі, соғып кетуі мүмкін. Тек қана әсері болуы мүмкін, адамдардың ішіне жын кірмейді. Күнделікті өмірде «жыныма тиме» деп те айтыуымыздың себебі осы екен.
ummet.kz