25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Аллаға барлық ісіңді тапсырғың келсе осы дұғаны оқы

Аллаға барлық ісіңді тапсырғың келсе осы дұғаны оқы

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Алла Тағаланы еске алып, дұға жасау – жан-тәннің шаршағанын басып, көңілді жайландырады, уайым-қайғының, қорқыныш пен күдіктің қою бұлты сейіледі. Егер Аллаға барлық ісіңізді тапсырғыңыз келсе, осы дұғаны оқыңыз.

«Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-‘афуа уә-л-’афиятә фи-д-дунйа уә-л-әхираһ, Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-‘афуа уә-л-’афияһ: фи дини, уә дунйа-йа, уә әһли, уә мәли. Аллаһуммә-стур ‘әурати уә ә-мин рау’ати. Аллаһуммә-хфазни мин бәйни ядәййа, уә мин холфи, уә ‘ан ями-ни, уә ‘ан шимәли, уә мин фәуқи, уә ә’узу би-’азомәтикә ән уғтә-лә мин тәхти»

Аудармасы: «Я, Алла! Мен Сенен дүние мен ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Я, Алла! Мен Сенен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, жанұям мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Я, Алла! Менің ұятты жерлерімді жасыр, мені корқыныштан аман ет. Я, Алла! Мені алдымнан да, артымнан да, оң жағымнан да, сол жағымнан да, және төбемнен де Өзің қорғай гөр! Сондай-ақ, маған (аяқ) астымнан да қиянат жасалып, өлтірілуімнен Сенің ұлылығыңа сиынамын!»

ummet.kz

 

Бөлісу: