25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жәннатқа кіруге себепкер болатын дұға

Ғибратнама
Жарнама

"Бұл дұғаны кеш болғанда айтқаннан кейін жан тапсырған адам Жәннатқа кіреді немесе Жәннат нәсіп болғандардың қатарында болады. Таң атқанда айтып, күндіз жан тапсырған да сол тәрізді" (Бухари, Нәсәи, Ибн Хажар, Табарани).

Шәддад бин Аус (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: "Истиғфар дұғаларының төресі мына дұға:

"Иә, Тәңірім! Менің Раббым Сенсің. Сенен басқа тәңір жоқ. Сен мені жараттың. Мен сенің құлыңмын. Шамам жеткенше Саған деген сенімімді сақтаймын. Сенің маған беррген игіліктеріңді және істеген күнәларымды мойындаймын. Маған кешірім ете гөр! Себебі, күнәларды кешіруші Өзің ғанасың".

"Аллаһумма, әнтә Раббий, ләә иләәһә иллә әнтә, халәқтәний, уә әнә ғаб'дукә, уә әнә ғалаа ғәһдика уә уәғдикә мәс-татағту, әғузуу бикә миң шәрри мәә санағту, әбу'у ләкә биниғмәтикә ғәләййә, уә әбу'у бизәнбий, фағ-фир лий, фәиннәһу ләә яғфируз-зунуубә иллә әнт"

(Таң және ақшам намазынан кейін 1 рет оқылады).

سيِّدُ الاسْتِغْفار أَنْ يقُول الْعبْدُ : اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي ، لا إِلَه إِلاَّ أَنْتَ خَلَقْتَني وأَنَا عَبْدُكَ ، وأَنَا على عهْدِكَ ووعْدِكَ ما اسْتَطَعْتُ ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ ما صنَعْتُ ، أَبوءُ لَكَ بِنِعْمتِكَ علَيَ ، وأَبُوءُ بذَنْبي فَاغْفِرْ لي ، فَإِنَّهُ لا يغْفِرُ الذُّنُوبِ إِلاَّ أَنْتَ . منْ قَالَهَا مِنَ النَّهَارِ مُوقِناً بِهَا ، فَمـاتَ مِنْ يوْمِهِ قَبْل أَنْ يُمْسِيَ ، فَهُو مِنْ أَهْلِ الجنَّةِ ، ومَنْ قَالَهَا مِنَ اللَّيْلِ وهُو مُوقِنٌ بها فَمَاتَ قَبل أَنْ يُصْبِح ، فهُو مِنْ أَهْلِ الجنَّةِ

ummet.kz

Бөлісу: