02
Сенбі,
Қараша

һижри

Дұғамыз неге қабыл болмайды?

Ғибратнама
Жарнама

 

Бір ауылда дұғасы екі етілмей қабыл болатын бір адам бар екен. Дұғалары қабыл болмайтын бір топ адам әлгі адамның алдынан шығып, мұның сыры мен жай-жапсарын сұрайды. Дұғасы қабыл болатын адам бір топ адамнан: «Дәл қазір сендер танымайтын бір адам келіп қарызға ақша сұраса берер ме едіңдер?» - деп сұрайды.

 

         Олар бірауыздан:

         -Танымайтын адамға қалай қарыз береміз, - дейді.

         Жарайды, егер мен сұрасам берер ме едіңдер? – деп тағы сұрақтың астына алады. Сен сұрасаң, әрине, береміз, - дейді. Олардан не үшін беретіндіктерінің сұрағанда, былай жауап қайырады:

-Біз сені жақсы танимыз. Сен сөзіңде тұрасың, өтірік айтпайсың, шыншылсың. Сен әрдайым жақсылық істейсің, - дейді.

Сонда әлгі адам:

 

         -Міне Алла да дәл солай. Өзін жақсы танитын, өзіне берік сенетін, әрдайым еске алатын, құлдық міндетін қолынан келгенше дұрыс атқаратын адамдардың дұғасын қабыл етеді, - деген екен.    

Бөлісу: