25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Қолдарыңды маған жүз мыңға сатасың ба?»

«Қолдарыңды маған жүз мыңға сатасың ба?»

Ғибратнама
Жарнама

Жаратқан Алла өзіңе берген жақсылықтар туралы ойлан, сонда сен жақсылықтарға батып, олар сені қоршап тұрғанын байқайсың.

«Ол сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрін берді. Бергені соншалық – егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар» («Ибраһим» сүресі, 34).

Денсаулықтың мықтылығы, мекеннің тыныштығы, тамақ-ас, киім-кешек, таза ауа және су, тұрақ жай және көлік, мал-мүлік және бала-шаға, отбасы және достар... Сенде барлық байлық бар, бірақ сен оны сезбейсің де байқамайсың.

«(Уа, адамдар!) Алланың күллі аспан әлеміндегілер мен жердегінің бәрін өздеріңе бағынышты етіп қойғанын, сондай-ақ сендерді Өзінің жария һәм жасырын (заттық әрі рухани) мұншама нығметке кенелткенін көрмеймісіңдер?!» («Лұқман» сүресі, 20).

Сенің қол-аяқтарың, көз-құлағың және тіл-ауызың бар, он екі мүшең аман.

«Ендеше, Раббыларыңның қай нығметін жоққа шығара аласыңдар?» («Рахман» сүресі, 13).

Сен аяқ басасың, қимылдайсың, естисің, көресің және сөйлей аласың. Тамсана тамақтанасың. Бұлар не, жай ғана нәрселер деп ойлайсың ба? Қаншама адамдар бар, қолы-аяғы мүгедек болып, қимылдай алмай қалған немесе соқыр, керең болып басқаларға мұқтаж болып қалған. Қаншама адамдар бар, ауру-сырқаудан арыла алмай ыңырсып, қалағанша тамақтана алмай амалы құрыған! Жаратқанның сынағы әртүрлі болады. Дені-басың сау тұрып, жынды болып ақылдан адаспай тұрып Жаратқанның жақсылықтарын білмегенің, оған разы болып шүкір қылмағаның жарамас, бауырым!

Бір кедей кісі өзінің кедей өмірі және Алла оны Өзінің жақсылықтарынан құр қалдырғаны туралы ғалымға шағымданғаны айтылады. Ғалым кедейден: «Көздеріңді маған жүз мың алтын теңгеге сатасың ба?» – деп сұраған. Кедей: «Жоқ», – деп жауап берді. Ғалым: «Қолдарыңды маған жүз мыңға сатасың ба? Аяқтарыңды жүз мыңға сатасың ба? Ақыл-есіңді жүз мыңға сатасың ба?» – деп сұрады. Кедей: «Жоқ», – деп жауап берді. Сонда ғалым оған былай деді: «Сен жүз мыңдаған байлықтарға ие болып тұрып, кедеймін деп шағымданасың ба?!» Сонда әлгі кісі қолдағы байлығы қолға түспеген жақсылықтардан да маңызды екенін және Алланың мейірімділігі шексіз екенін түсініп шүкір қылған екен.

Әлбетте, сен өте зор сыйға бөленіп өмір сүріп жатқаныңмен оның қадірін білмейсің. Содан соң қайғы-мұңға бата бересің. Алдыңда жеуге ыстық наның, ішерге суың дайын. Шаршасаң, ұйықтап ес жиясың, он екі мүшең аман. Қолда жоғын ғана ойлап, барына шүкір қылмағаның қалай? Біраз шығындалсаң болды жаның қиналып, бақыттың кілті қолыңда тұрғанын білмейсің. Жаратқан берген есепсіз зор сыйларды ойыңа ілмейсің?! Ойлан және шүкір етуді біл.

«Сондай-ақ өз болмыстарыңда да талай-талай айғақтың бар екені анық, сонда да көрмейсіңдер ме?!» («Зәрият» сүресі, 21).

Өзің, туыстарың, үйің, жұмысың, денсаулығың, достарың және айнала-төңірегіңдегілер – бәрі туралы жақсылап ойлан. «Ол мүшріктер (өздері өмір бойы қызығын көріп келе жатқан) нығметтердің Алладан келгенін іштей біліп, мойындаса да, (Алладан өзгеге құлдық ұрып табыну арқылы) осынау нығметтерді жоққа шығарады» («Нахыл» сүресі, 83) дегендердің қатарында болма.

материал «Мұңайма» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: