24
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

«Ғибрат алынатын нәрсе көп, ғибрат алатын адам аз»

«Ғибрат алынатын нәрсе көп, ғибрат алатын адам аз»

Ислам тарихы

Үлкен Ислам ғалымдарының бірі Сүфян бин Ұйәйнә Хазіреті бұл ақуалдың түсініктемесі ретінде ақынның мына сөзін жиі айтып жүретін: «Адам тәфәкуур иесі болса әр нәрседен ғибрат алады» (Имам Ғазали, Иһя, VI, 45).

Арабтар да: «Ғибрат алынатын нәрсе көп, бірақ ғибрат алатын адам аз» деп айтқан екен. Әр дәнек пен тозаң Алланы түсіндіреді Адам тәфәккур етіп, мына әлем деген кітапты оқи алса, дәнегі мен тозаңына дейін айналасында көрген барлық нәрсесі оған Алла Тағаланың ұлылығын білдіреді, мағрифатұллаһқа жақындатады. Фұзули қандай жақсы айтқан: «Егер, ариф иләһи уахиды аңғарып, түсіне білу қабілетіне ие болса, әлемдегі әр зәрре оған Хақтың бұйрығын жеткізген Жәбірейілдей болады».

Алла Тағала былай дейді: «Жоқ, сендердің көргендеріңмен де серт. Көрмегендеріңмен де серт. Даусыз ол (Құран) аса ардақты елші (әкелген) сөз» (Хаққа, 38-40).

Құран кәрімдегі ант-су хиқметтерінің бірі – ант-су ішілген нәрседегі ғибратқа, пайдаға не хикметке назар аударту. Сөйтіп, құлдың сондай ұлылыққа қарап, сана-сезімінің тереңдеуін қалайды.

Сондықтан біз көре алған не көре алмаған барлық болмыс – Алланың құдіреті мен рұбубийятының Әлемді, адамды және Құранды Тәфәккур (раб екенінің) белгілері. Оларда ойлап ғибрат алынатын сан жетпес хикметтер бар.

Шынар ағашының дәнегі құнарлы жер арқылы үлкен ағашқа айналып, айбынды көрініске жет- кеніндей сана-сезіміміздің Құран аясынан қорек- теніп күшеюі арқылы жететін сырлар, хикмет пен ғибраттар да сондай айбынды болмақ.

Алла Тағала былай дейді: «Даусыз, аспан мен жерде мүминдер үшін көптеген аят-белгілер бар. Сендердің жаратылуларың мен Алланың түрлі жаратылысты жер жүзіне жайыуында нақты сенетін қауым үшін ғибраттар бар. Түн мен күндіздің алма кезек ауысып тұруында, Алланың көктен түсірген рызықта (жаңбырда), онымен өлген жерді қайта тірілтіп көктеуінде, желді әр түрлі бағыттан соқтыруында ақыл иелері үшін көп сабақ бар» (Жасия, 3-5).

Құран кәрімдегі мұндай тәфәккур мысалдарына шын жүрекпен, жинақы оймен үңілу құлды «тақуа» аясына жетелейді. Гүлдер ауа мен суға, топырақ пен жарыққа қалай мұқтаж болса, тәфәккур қабілетін дамытып, белгілі деңгейге жеткізу де «тақуаға» тәуелді.

Алла Тағала құлдарынан ой жүгіртетін, зерт- тейтін, нәзік сезім иесі жандар болуын талап етеді. Сондықтан мұсылман жан әр жағдайда ғибадат құлшынысымен тәфәккурге бет алуы тиіс. Бұл жағдайдың керемет мысалдарын көрсеткен Ахмед бин Хауаридің әйелі Рабиа Ханым былай деген: «Азанды естіген сайын қиямет хабаршысын есіме аламын».

«Қар жауғанын көрген сайын амал дәптерлерінің ауада ұшып жатқанын көргендей сезінемін». «Шегірткелерді көрсем, хашр есіме түседі».

Бірде Халифа Һарун Рәшид моншаға барған екен. Моншадағы қызметкер қателесіп, қайнап тұрған суды халифаның үстіне құя салыпты. Халифа Һарун денесі күйіп, жаны қатты қиналып сыртқа шығып, көптеген садақа таратып:

«Бүгін моншаның суына шыдай алмадым. Қиямет күні тозақтың жолаушысы болғанымда жағдайым не болмақ?!» деп айтқан екен.

Пайғамбар (с.ғ.с) қараған, көрген әр нәрсесінен ғибрат алып, хамд пен шүкір айтып, раббысына жөнелетін. Сондықтан біз де көрген әр нәрсемізден Құдайдың құдіреті мен ұлылығын тамашалап, сана-сезіміміздің рухани азығын алуға тырысуымыз керек. Мұсылман тұлға күнге, Айға, ауаға, өз жаратылысына, ата-бабаларына, ұрпақтарына, қысқасы, қандай нәрсеге қараса да, солардың астарында жатқан иләһи хабарларды көкірек көзімен оқуы керек. Қайдан және қалай келгенін, қалай өмір сүре алғанын, бет-бейнесі мен пішінін кім белгілеп жасағанын, өмірін кім бағыштағанын, бұл өмір сапарында қайда бара жатқанын, өмір мен әлемнің хикметсіз болмағанын, ешбір нәрсенің бос және әбес жаратылмағанын, өзінің басы бос жіберілмегенін ойлап, үнемі Құдайдың құдіреті мен ұлылығын аңғарған күйде күн кешуі керек.

материал «Тәффәкур» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: