24
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Жақсыларға серік бол, жаңылып кетсең түзейді

Жақсыларға серік бол, жаңылып кетсең түзейді

Ислам тарихы

Хәкімдердің бірі баласына былай деп насихат айтқан екен:

“Уа, балам! Жақсыларға жақын бол! Жақсыларға серік бол! Себебі олар:

1. Хабарсыз кетсең артыңнан іздейді.

2. Жаңылып кетсең түзейді.

3. Дұға жасағанда сені де дұғасына қосады. Сені ұмытпайды.

Олар көктегі жұлдыздар секілді. Өмір атты теңізде кемең бағытынан ауып кетсе де саған жол көрсетеді.

Бұл айтылғаннның бәрі бір төбе, олардың сені тек бір Алланың разылығы үшін жақсы көргені жеке өз алдына бір төбе емес пе? Осының өзі ұққан жанға үлкен бақыт емес пе?”.

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: