25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Күнә жасалынған жағдайда ораза бұзыла ма?

Күнә жасалынған жағдайда ораза бұзыла ма?

Ораза

Әрбір адам ораза кезінде күнәдан қашық жүруі керек.

Хадисте былай делінеді: «Ашуға бой алдыру,өтірік айту,жалған серт беру және бөгде әйелге құмарлықпен қарау оразаны бұзады» (Дәйлами)

Бұл хадис жайында имам әбу Ханифа (рахимахуллаһ) былай түсіндірген: «Бұл күнәлардың ораза уақытында жасалуы оразаның сауабынан (сыйынан) айырады,оразаның өзі бұзылмайды,бірақ мәкруһ болып саналады.» Яғни,кімде-кім бұл күнәларды жасаса,ол оразаны ұстаған болып саналады,дегенмен оның сауабынан айырылады. Осылайша, ол адам келесі хадисте айтылған адамдардың қатарына кіреді: «Оразасын ұстап,бірақ аштық пен шөлден басқа ештеңе ала алмайтын қаншама адам бар» (ибн Мәжә).

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: