25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Аузы ораза әйелдің ораза ұстамайтын отағасына тамақ жасап беруі күнә ма?

Аузы ораза әйелдің ораза ұстамайтын отағасына тамақ жасап беруі күнә ма?

Ораза

Тамақ істеген адамның оразасы бұзылмайды. Мұрынға келетін тамақтың иісі де оразаны бұзбайды. Сол себепті, ауыз берік кезде тамақ істей берудің ағаттығы жоқ. 

Тек, пісіп жатқан тамақтың буын әдейлеп бетке тосып, иіскемеу керек. 

Ендігі жерде, себепсіз ораза ұстамайтын күйеуіне тамақ істеп беру мәселесіне келер болсақ:

Ораза тұту парыз емес адамдарға тамақ істеп, асын дайындап берудің еш күнәсі жоқ. Мысалы, сырқат адамға, кәрілік себепті ораза ұстай алмайтын қарияларға, әлі балиғатқа толмаған балаларға, жолаушы кісіге т.б.

Ал, себепсіз ораза ұстамайтын кісілерге күндіз тамақ істеп беру мәселесіне қатысты біраз дін мамандары қарсылық білдірген. Олардың пайымынша, әдейі ораза ұстамай жүрген күйеуіне тамақ істеп беруге болмайды.

Әйткенмен, біздің ойымызша, әркім өз күнәсін өзі көтереді. Әйел кісі үй ішіндегі өз міндеттемелерін атқаруға тиісті. Сондай міндеттемелерінің бірі – күйеуіне тамақ пісіріп беру. Сондықтан да, қажет боп жатса, ауызы берік болса да ораза ұстамайтын еріне тамақ пісіріп, асын әзірлеп берудің күнәсі жоқ. Осы тұрғыда, ораза ұстамайтын отағасы да өз кезегінде, түсіністікпен қарап, анша-мұнша асын өзі дайындап ішіп, осылай ауыз бекіткен әйеліне демеу білдіргені жөн.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: