25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Оразаны бейбіт елде ұстауды нәсіп еткен Аллаға мадақ!

Оразаны бейбіт елде ұстауды нәсіп еткен Аллаға мадақ!

Ораза

Ютуб желісінде Мысыр елінің бір имамы тікелей эфирге шығады.

Рамазан айы болғандықтан халықтың да сұрағы оразаға байланысты болды.

“Түкірік жұтсам оразам бұзыла ма?” “Ауызашарда қандай тамақтар жеген дұрыс” “Сәресіге тұрмасам не болады?” деген сияқты жыл сайын қойылатын дәстүрлі сұрақтар қатар-қатар қойылады. Бір уақытта тікелей эфирге кішкентай бала қоңырау шалып:

- Менің сұрағым әлсіздеу болса кешірім сұраймын. Білгім келгені адам шаң жұтса ораза бұзыла ма? - деді

- Енді шаң-тозаң ауаның құрамында болады ғой оған бола ораза бұзылмайды.

- Біздің елде күн сайын жарылыс боп жатыр. “Аузымызға шаң-топырақтың дәмі келеді, соны білгім келген еді” дегенде, Имам тікелей эфирде өксіп жылайды.

Оразаны тыныш, бейбіт елде ұстауды нәсіп еткен Аллаға шүкір. Сәресіге автоматтың даусымен емес, будильниктің даусымен оянған Қазақ елі, тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын!

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: