25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жасырын әдет оразаны бұза ма?

Жасырын әдеті бар ораза ұстаушы күндіз ұйықтағанда сол әдетін қайталаса (ұйқылы-ояу халінде) оразасына әсер ете ме?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Жасырын әдеті бар ораза ұстаушы күндіз ұйықтағанда сол әдетін қайталаса (ұйқылы-ояу халінде) оразасына әсер ете ме?

Жауап: Мұндай сұрақтар жиі қойылатын болғандықтан, ыңғайсыз тақырып болса да, жауап беруіміз міндет.

Жасырын әдет (мастурбация), яғни қолмен (мәни) ұрық шығару оразаны бұзады. Бұл істі ораза ұстаушы адам күндіз (ұйқылы-ояу халінде) жасайтын болса, оразаның бір күндік қазасын (қарызын) өтеу керек болады.

Қолмен (мәни) ұрық шығару ол – шаһуаттың (нәпсі құмарлық) бір түрі. Ал, ораза айы тек жеп-ішуден ғана тыйылуды білдірмейді. Ораза ұстаушы өзінің шаһуатына (нәпсі құмарлығына) ие болуы тиіс. Аузы берік адам жасырын әдетті Рамазан айы ішінде әдейі, бірнеше мәрте қайталап істесе, оның ұстаған оразасына, тақуалығына, жалпы денсаулығына кері әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан, мастурбация жасаушы адам бұл әдетті Рамазан айында барынша істемеуге дағдыланып, тіпті ораза айынан бөлек басқа күндері де істеуден толықтай бас тартқаны жөн.

Алла Тағала Құран Кәрімде «Олар (мүминдер), ұятты жерлерін сақтайды. Бірақ жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ»[1], - деген. Яғни, момын мұсылман әр уақытта өзінің ұятты жерін сақтап, оған ие болу қажет.

Юсуф Әл-Қардауи, Рамазан Әл-Буты сынды қазіргі заман ғалымдары жасырын әдетке (қолмен ұрық шығару) қатысты сұраққа тоқтала келе, оның мұсылман үшін дұрыс емес, жаман әдет екендігін, ол істен нәпсіні тежеу керектігін ескертіп айтады. Медицина саласындағы мамандар да мастурбация жасау адам денсаулығына кері әсер тигізетінін айтады.

ummet.kz


[1] «Мүминун» сүресі, 5,6 аяттар.

Бөлісу: