25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Оразаның уақыты ниет еткеннен бастала ма, таң намазы кіргенде бастала ма?

Оразаның уақыты ниет еткеннен бастала ма, таң намазы кіргенде бастала ма?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ауыз бекіту уақыты толмаса да ниет етіп, дұға оқып қойғаннан кейін, сәресі уақыты біткенге дейін аралықта бір нәрсе жеуге, сусын ішуге болады ма?

Жауап: Ауыз бекіту уақыты (сәресі уақыты) толмаса да ниет етіп, дұға оқып қойғаннан кейін, сәресі уақыты біткенге дейін аралықта бір нәрсе жеуге, сусын ішуге болады. Оған негіз, Сіздің жасайтын дұғаңыз. Сәресі уақытында жасалатын дұғаның мәтінінде:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرٍ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім», - делінген.

Осы дұғадағы таңертеңнен деген сөз таң намазы уақыты (фәжр) кіретін уақытты білдіреді. Осыған байланысты, ниет етіп қойсаңыз да таң намазының уақыты кіргенге 10 минут қалғанға дейін ішіп, жеуіңізге рұқсат етіледі.

Дегенмен, ауыз бекітуші адам ауыз бекіту уақытын мұқият бақылаған жөн. Өйткені, сәресі уақыты кіріп қойып, оны біле тұра әдейі ішіп жейтін болса, онда кәффараты (рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады) өтеледі. Ал, уақыты кіргенін байқамай, не ұмытып кетіп ішіп жеп қойса, онда бір күндік қазасын өтейді. Алла Тағала білушірек.

ummet.kz

Бөлісу: