25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шашты бояу ғұсыл алуға кедергі келтіре ме?

Шашты бояу ғұсыл алуға кедергі келтіре ме?

Сұрақ-Жауап

Саламатсыз ба, тырнақты лакпен бояу ғұсылға кедергі келтіретінін естіген едім. Ал, шашты бояу ғұсылға кедергі келтіре ме?

Ассаләмуғаләйкүм, шариғат бойынша шаштың түсін өзгертуге еркектерге де, әйелдерге де рұқсат етілген. Өйткені шашы ағарып кеткен сахабаны көрген сәтте Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Мына ақ шаштарыңды бояғаның жөн. Бірақ қара түске емес»[1], - деген. Тағы бір хадисте: «Яһудилер мен христиандар шашы мен сақалын боямайды. Сендер керісінше жасаңдар (шаштарыңды бояңдар)»[2] дейді.

Бұл хадистерден мұсылмандарға шашын бояуға тыйым салынбағандығы айқындалады.

Бүгінде қолданылып жүрген сықпа бояудың қолданылу тәсілі қынамен бояудан айырмашылығы жоқ. Қына шаш жасушаларына сіңіп, түсін өзгертеді, басқа сықпалардағы бояулар да шаштың түсіне осылай әсер етеді. Яғни, тырнаққа арналған бояумен салыстырғанда шаш бояуы ғұсыл алуға кедергі келтірмейді. Сонымен қатар, шаш бояуының құрамында су болады, сондықтан су тиген кезде бояу еріп кетеді. Бұл шашқа арналған бояудың белгілі бір уақыттан кейін өз түсінен айрылатындығын дәлелдейді. Дегенмен, бұл бояулардың құрамында көптеген химиялық заттар кездесетіндігін ұмытпау керек, сол себепті бояуды таңдаған кезде сақ болған жөн.

Қорытындылайтын болсақ, қынамен немесе басқа сықпалардағы бояулармен шашты бояу ғұсыл алуға кедергі келтірмейді.

Ummet.kz


[1] Мүслим, «Либас», 79.

[2] Муслим, «Либас», 80.

Бөлісу: