31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлемдегі ең көне мұсылман қалалары (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

Мұсылман елдерінде орналасқан біздің ғаламшарымыздағы ең көне қалалардың тізімі төмендегідей.

Алеппо, 6300 жыл

Сирияның халқы саны жағынан ең үлкен қаласы Алеппо ең алғаш рет біздің д.д. III мыңжылдықта көне Эбла семит мемлекетінің астанасы ретінде айтылған. Ескі қала аумағындағы базар мен белгілі Алеппо Рабаты — X ғасырдағы ортағасыр қамалымен бірге — Дүниежүзілік ЮНЕСКО мирасының тізіміне кіргізілген.

Aleppo2

Aleppo3

Сузы, 6200 жыл

Сузы қаласы Иранда орналасқан. Ол Иран аумағында  III мыңжылдықтан бастап біздің д.д. өмір сүрген көне Элам мемлекетінің астанасы ретінде танымал болған. Элам мемлекеті құлаған соң, алдымен қала ассириялық патшалардың, кейін – парсы патшаларының резиденциясына айналған.  

Suzi1

Suzi2

Suzi3 

 Эль-Файюм, 6000 жыл

Мысырда орналасқан. Ніл өзені сағасының оң жағына таман Эль-Файюм орналасқан жер өз бастамасын  біздің д.д. IV мыңжылдықтан бастайды.

Fai1

Fai2

Дамаск, 5000-6000 жыл

Сирия астанасы Дамасктің пайда болуын тарихшылар біздің д.д. III мыңжылдыққа жатқызады. Қаланың басты көрікті жерлерінің бірі VIII  ғасырда салынған Омеядтықтар мешіті.

Damask1

Damask2

Damask3

Газиантеп, 5650 жыл

Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласы шамамен біздің д.д. IV мыңжылдықта қалыптасқан. Өзінің бірнеше мыңжылдық тарихында қала мысырлықтардың, вавилондықтардың, парсылардың, гректердің, армяндардың, византиялықтардың және арабтардың қол астында болған.

Gazia1

Gazia2

Gazia3

Иерихон, 5000 жыл

Палестинада орналасқан. Көне қала Иерихонның тарихы осы жерден адамдардың алғашқы өмір сүрулерінің белгілері табылған  біздің д.д. IX мыңжылдықта басталған. Кейбір археологтардың санауынша, Иерихон — 6000 жылдай дерліктей ел үздіксіз қоныстанған, әлемдегі қазылып алынған ең көне қала.

Ieri1

Ieri2

Ieri3

Бейрут, 5000 жыл

Ливан астанасы болып табылады. Қала көне кезден бастап аймақтағы мәдениет және  сауда астанасы болып саналған. Бейрут - күллі Таяу Шығыстағы әртүрлі дін өкілдері - христиандар, мұсылмандар және яһудилер қоян-қолтық өмір сүріп жатқан қалалардың біріне айналды.  

Beirut1

Beirut2

Beirut3

Muftyat.kz

Бөлісу: