31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Египетте шет тілінде 1000 пәтуа шықты

Жаһан
Жарнама

Әлемдік беделді орталық Біріккен ұлттар ұйымы секілді ірі ұйым мойындаған Египеттің Пәтуа үйі шетел тілдерінде, әсіресе ағылшын және француз тілдерінде мыңнан аса пәтуалар жариялады.

Құжаттардың басым бөлігі террористердің ислам дініне таңғысы келетін экстремистік сипатты жоққа шығару, мұсылман діні атынан радикалды көзқарастарды насихаттауға қарсы тұруға бағытталған.

Пәтуа үйінің Әлеуметтік байланыс басқармасының басшысы шейх Ахмед Рағаб мысырлық телеарналардың бірінде осы жөнінде баяндады. «Біз араб тілін білмейтін және туған тілі болып саналмайтын мұсылман халықтары арасында радикалды идеялардың таралуына тосқауыл қою мақсатында мыңнан аса пәтуа шығардық» деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Пәтуа үйінде «діни экстремизм идеяларынан туындайтын мәселелерді шешуге» бағытталған бірнеше еуропа тілдерінде құнды энциклопедия басып шығарғанын да жеткізді.

Айта кету керек, Египет пәтуә үйі 1895 жылы құрылған. Қазіргі исламды зерттеу саласында бұл мекеме әлем бойынша беделді білім институты деп танылған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: