31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қырғызстан алкогольге жаппай тыйым салды

Жаһан
Жарнама

Қырғызстан ауылдарында жергілікті тұрғындардың бастамасымен дүкен сөрелеріндегі алкоголь өнімдері сатылымнан алына бастады.

Бұл бастама ең алдымен 2008 жылы Ош облысы Қараке ауылында бастау алды. Мұнан кейін республика бойынша 30 ауыл арақ-шарапқа тыйым салды. Жуырда 2017 жылдың ақпан айында Қара-Құлжа ауданы Алайкуу ауылы да спиртті ішімдік саудасына тосқауыл қойды.

«Қоғам белсенділері спиртті ішімдіктерді сатпау туралы әр сауда иесіне өтініш жасаған. Тіптен, оның өтеуін, шығынын да көтеруге уәде еткен. Алайда, дүкен қожайындары бұл бастамаға өз еріктерімен келісім берді. Тек үш адам ғана банктегі несиесін төлеу үшін мерзімді созды» дейді белсенділер жетекшісі Бақыт Құлматов.

Қоғам белсенділері жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, сауалатты өмір салтын сақтауға, спортпен айналысуға шақырды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: