Стамбул қаласы «Гуманитарлық астана-2016» белгісімен марапатталды. Аталмыш шешім халықаралық гуманитарлық форумында қабылданды.
Әлемдегі барлық қалалар таласатын құрметті атақ ауқымды қайырымдылық шаралары жыл бойы өткен қалаға бұйырады.
«Тек соңғы 6 жылда түрік органдары қоғамдық бірлестіктермен бірге 25 млрд доллар көлемінде гуманитарлық іс-шараларды іске асырған. Түркия әлемдегі ең бай ел емес, бірақ бұл ел гуманитарлық көмек көрсету тұрғысынан әлемдік көшбасшылардың қатарында», - деді Әділет және даму партиясы Бас хатшысының орынбасары Ясин Ак түсініктеме беріп.
Muftyat.kz