Тайвань республикасы Тынықмұхиты аралдары туризмі министрлігі халал сертификатын алған мейрамханалар саны 100-ден асқанын хабарлады.
«Біз таяу болашақта халал мейрамханалар қатары 200-ге жетеді деген сенімдеміз» деп атап өтті министр Чжоу Юн-хуэй жаңа 28 мейрамхана мен 16 қонақүйге сертификат табыстау рәсімінде. Министр өз сөзінде мұсылман елдерінен келетін туристер көлемін көбейтуге күш салатынын жеткізді.
Халал сертификаты Туризм министрілігі мен Қытай мұсылмандары ассоциациясының бірлесуімен Тайвань астанасы Тайбэйда беріледі. Ассоциация мәліметінше, қазіргі уақыта халал сертификатына ие 104 мейрамхана өз мекемелерінде доңыз еті мен алкоголь өнімдерінің жоқ екеніне 100 пайыз кепілдік береді.
MasterCard статистика компаниясы деректеріне сүйенсек, Тайвань өткен жылы мұсылман халқына арналған шетелдік туризм бойынша рейтингтің 10-шы орнына көтерілген. Биыл 7-ші орынға шығады деп жоспарланған.
Бұл өз кезегінде Тайвань республикасының мұсылман туристерінің қызығушылығын тудыруда табысты жұмыс жүргізіп отырғанын байқатады.
Сәуір айында Малайзия мен Индонезия елдерінде туристік көрме өтеді. Аталмыш көрмеде Тайвань туризм бойынша мұсылмандар үшін ағылшын тілінде арнайы буклеттер ұсынады. Еске сала кетсек, 2016 жылы Тайвань 10 миллионнан аса турист қабылдаған.
ummet.kz-ақпарат