06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қағбаның жаңа көпіріне 1400 инженер жұмылдырылды

Жаһан
Жарнама

Қағбаның уақытша матафының негізгі бөлігі алынды. Құрылыс жұмыстары «әл-Харам» мешітін кеңейту жөніндегі техникалық комитеттің шешімімен 4 сәуірде басталған.

Матаф жөніндегі техникалық комитет төрағасы Файсал Вафтың айтуынша, ескі көпір өз міндетін атқарып болды, енді оның қажеттілігі жоқ.

«Әл-Харам» мешітін кеңейту комитеті мүшесі Ваэль әл-Халаби тауап жасаушы мұсылмандардың қауіпсіздігін әрі қажылықтың қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 1400 инженер жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Жаңа матаф жұмысы аяқталғаннан соң, матаф бір сағатта 105 000 қажыны өткізе алады. Көпірдің жаңа жобасында ауа салқындатқыш, желдеткіш, жарықтандыру, дауыс жүйесі, сағат пен бақылау камералары қамтылған.  Төменгі және жоғарғы қабаттары эскалаторлармен байланыстырылады.

Әл-Халаби матафты кеңейту жұмысы қазіргі уақытта «әл-Харамда» жүріп жатқан ауқымды жұмыстың бір бөлігі екенін жеткізді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: