06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қазақ қызы әмірлік грантына ие болды

Жаһан
Жарнама

Қазақстандық Сайора Шотпакова Біріккен араб әмірлігіндегі беделді мектептің бір жылдық білім грантына ие болды. Дарынды оқушыға марапатты БАӘ Білім министрі, шейх Нахайян ибн Мубарак әл Нахайян табыстады.

Аталмыш білім грантын 37 мектепті қамтитын GEMS Education білім қоры бөледі. Корольдік гранты БАӘ бірінші президентінің жұбайы Фатима бин Мубарактың құрметіне тағайындалған.

Ата-анасы Абу Даби қаласында қызмет ететін Сайора білім тарихында тұңғыш рет осы мараптқа ие болған ең кішкентай оқушы. Әдетте, марапат жоғары сынып оқушыларына берілетін. Алайда, қазақстандық дарынды қызға бұл жолы өзгеше жеңілдік жасалыпты.

Әкесінің айтуынша, грант мына төрт шарттарға негізделеді:  академиялық жетістіктері, қоғамға, табиғатты қорғауға қосқан үлесі, кедей-кепшіктерге көмектесу және ғаламдық азамат үлгісі болу.

«Мектепте ол қоқысты қайта өңдей жобаларына, күн энергиясын зерттеуге және энергия қайнар көздерін жаңартуға қатысты. Сайора сонымен қатар, өзінің ойыншықтары мен кітаптарын сатып, жиған ақшасын Қызыл крест қоры арқылы Таяу Шығыс пен Африкадағы кедей елдердегі балаларға аударды. Академиялық жетістіктерінен бөлек, ол төртінші жыл қатарынан тенниспен айналысып келеді. Жуырда ғана өз қатарластары арасындағы турнирде жеңімпаз атанды. Білім грантына осы қырлары есепке алынған болуы керек» дейді әкесі.  

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: