08
Жұма,
Қараша

һижри

Лондон мұсылмандарының өмірі туралы көрме өтеді

Жаһан
Жарнама

Биыл Лондонда Мұсылман халқының өміріне арналған шара өтеді. Аталмыш шара халал индустриясы мен қоғамдағы мұсылман мәдениетіндегі жетістіктерді жариялау мақсатында қолға алынған.

Бұл жоба Лондондағы «Олимпия» көрме орталығында  30 сәуір 1 мамыр аралығында жоспарланған. Онда ислам қаржы секторы, халал өндірісі мен өзге де салалар, мұсылман киімдері, т.б.ұсынылады. 

Muslim Lifestyle Show бағдарламасының негізін қалаушы Валид Джахангирдің айтуынша, көрменің мақсаты мұсылман кәсіпкерлерінің кәсбилігін, мұсылмандар мен өзге де сенім иелеріне бірдей қызмет көрсетуге әзір екендігін ұғындыру.

«Мен мұсылман екеніме және британдық болғанымды мақтан тұтамын. Мұсылман өміріне арналған шара барша халықты бай мәдениетпен таныстыра алады деп сенемін» деді В.Джахангир.

Айта кетсек, айтулы көрме қонақтары қатарында белгілі нашид орындаушы Сами Юсуф те бар. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: