27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Өзбек ханның Құраны таныстырылды (фото)

Өзбек ханның Құраны таныстырылды (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Алматы қаласында өткен «АЛТЫН ОРДА ӨРКЕНИЕТІ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы кезінде Алтын Орда билеушісі Өзбек ханның Құраны таныстырылды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде Өзбек ханның Исламды мемлекеттік дін дәрежесіне көтергенін, Алтын ордада мешіт-медреселер салдырып, Исламның жаһандық дінге айналуына жол ашқанын тілге тиек етті.

“Өзбек хан Алтын Орда билеушісі болған кезде оның құрметіне арнап алтын сиямен көшірілген Құран Кәрім дайындалған. Бүгінде бұл Құран Түркияның Кутахия қаласындағы Вахид паша кітапханасында сақтаулы тұр. Қазақстан мұсылмандары дін басқармасының атсалысуымен Ислам ғылыми-зерттеу институты алтын сиямен көшірілген Өзбек хан Құранының көшірмесін елге әкелді” дей келіп, конференция қатысушыларына Өзбек ханның Құранын таныстырды.

Айта кетейік, бұл Құранды 1318 жылы Бадр Хамадани деген кісі арнайы көшіртіп, Жошы ұлысының билеушісі Өзбек ханға табыстаған. Мұны қолжазбадағы «Моңғол-қыпшақ елінің билеушісі Өзбек хан үшін» деген қолтаңба айғақтайды.

Бөлісу: