01
Жұма,
Қараша

һижри

Мүфтият мамандары екі күндік оқыту тренингіне қатысты

Мүфтият мамандары екі күндік оқыту тренингіне қатысты

Жаңалықтар
Жарнама

Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Жапония Үкіметінің қолдауымен зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мақсатында «Радикалды көзқарасқа осал келетін әлеуметтік топтармен профилактикалық жұмысты жүргізу» тақырыбында екі күндік оқыту тренингі өтті. 

Аталмыш шараға ҚМДБ Діни оңалту бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Данияр Кенжалин Жастар ісі секторының меңгерушісі, БҰҰ жастар кеңесінің мүшесі Бағыжан Күзекбай қатысты. Тренингтің мақсаты – озық тәжірибе алмасу, білім беру және білім алмасу жастармен профилактикалық жұмыс жүргізу, зорлық-зомбылықтың алдын алу және жастар арасындағы радикалданудың алдын алу.

Шарада БҰҰ мамандарымен бірге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы подполковнигі Лола Шәкімова спикер болды.

Екі күндік оқыту семинарында «Деструктивті ағымдардың тұлғаларының әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы», «Қазақстандық және халықаралық кейстерді талдау, практикалық тапсырмалар және келіссөздер процесінде әлеуметтік емес мінез-құлықтағы адамдармен психологиялық байланыс орнату» тақырыптарында дәріс өтті. Соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді. 

Бөлісу: