06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Астанада терроризмге қарсы акция басталды

Ел іші
Жарнама

Астанада терроризм мен экстремизмге қарсы "Лаңкестікке жол жоқ!" акциясы жүріп жатыр.

Акция теріс бағыттағы топтар мен діни бүлікшілердің барлық түріне қатысты қоғам ішінде төзімділіктің "нөлдік" сезімін қалыптастыруға бағытталған. Бұл бастама халықтың назарын өзіне аударып, қазақстандықтарды радикалды әрекеттерге төтеп беретін идеологиялық фронтқа біріктіруді көздейді.

Әлеуметтік желілерде #noterrorism #noextremism хэштегімен таралатын акцияны алғашқылардың бірі болып қолдаған - бокстан олимпиада чемпионы, 7 дүркін Қазақстан чемпионы Бахтияр Артаев пен "Астана" футбол командасы. Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есиннің ұйытқысымен «Астана Арена» стадионының Led-экрандарында спортшылардың қатысуымен түсірілген лаңкестік пен экстремизм мәселелері жөніндегі ролик көрсетілді. 

"Мен Ислам дінінің жаршысы ретінде басталған қоғамдық акцияны  барлық спортшылар іліп әкетеді деп ойлаймын. Біз мемлекетіміздегі танымал тұлғаларды осындай игі істерге тартып, терроризмге қарсы акцияларды көптеп насихаттауымыз керек. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жастармен де, аға буынмен де жүргізуіміз қажет. Өйткені дұрыс тәрбие мен қатаң тәртіпке жастайынан үйрету маңызды" дейді Бахтияр Артаев. 

Акция қатысушылары баршаны "Мен - сүйікті еліміздің тұрғынымын! Мен жер бетіндегі, мемлекетіміздегі және өз үйімдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін дауыс беремін! Мен "No terrorism! No eхtremism!" деймін" деген ұранмен бұл шараға атсалысуға шақырады.  

 

1 4

1 1

1 2

1 3

1 3

1 3

1 3

  

Ummet.kz

Бөлісу: