06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Өзбекстан елшісіне көңіл айтты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаровпен кездесіп, Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың қазасына байланысты көңіл айтты.

«Бауырлас елдің қайғысына баршамыз ортақпыз. Алла Тағала қайғының артын қайырлы етсін», – деді бас мүфти.

Кездесуде Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет марқұмның рухына арнап Құран бағыштады.


 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: