25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Кең болсаң, кем болмайсың» жәрмеңкесі өтті

«Кең болсаң, кем болмайсың» жәрмеңкесі өтті

Ел іші
Жарнама

Теміртау орталық мешітінің жанында осындай тақырыпта қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жергілікті Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында әйел жамағаты мен қайырымды жандар өз қолымен пісірген түрлі тағам түрлері, тәттілер, сондай-ақ қолөнер бұйымдары сатылды. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат толығымен қайырымдылыққа бағытталып, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандардың қажетін өтеу үшін жұмсалды.

«Сіздің әзірлеген тағамыңыз, жасаған бұйымыңыз арқылы бір адамның  мұқтаждығының өтелуі – сауапты әрі хайырлы іс. Осындай ізгі шаралар арқылы адамдарды өзара мейірімділікке, бауырмалдыққа шақырамыз. Алдағы уақытта мұндай қайырымдылық шаралары, жәрмеңкелер қалалық Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен тұрақты түрде өткізіледі» деді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы.

a1f12751-3253-4130-97e5-3b55e1367a5f.jpg

mini_1_MOIxxc9.jpg

fabfeeb3-b9c6-499e-a62d-d782cc1aa55f.jpg

ce647a52-2fbe-4f55-8ec9-5b78c6342985.jpg

3c3665af-b0f0-498d-ae10-a903f3ec5f9d.jpg

Бөлісу: