25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қайырымдылық мекемесі ашылды

Қайырымдылық мекемесі ашылды

Ел іші
Жарнама

Қостанай облыстық мешіті жанынан «Марал ишан» қайырымдылық мекемесі ашылды. Аталған қайырымдылық мекемесінде жергілікті оқу орындарында, мешіттегі діни курстарда дәріс алып жүрген жастар Ислам дінінің құндылығы мен адамгершілікке үндейтін қырларын меңгереді.

Мекеменің ашылу шарасында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы мешіттің алқа мүшелері мен шараға қатысушыларды есте қаларлық оқиғамен шын жүректен құттықтап, шәкірттерге сәттілік тіледі. Бұдан кейін мекеме директоры, облыстық мешіттің наиб имамы Тимур Туребаев сөз алып, қайырымдылық мекемесінің өскелең ұрпақтың өмірінде айрықша орын алатынын атап өтті.

Қайырымдылық мекемесінде 25 шәкіртке арналған тегін жатын орын беріліп, тамақпен толық қамтамасыз етіледі. Ал кітапханада барлық оқу құралдары бар. Дәрісті облыстық мешітте қызмет атқаратын имамдар жүргізеді. Болашақта мұнда оқитын жастардың санын 70-ке жеткізу жоспарланып отыр.

709537c8-9782-4800-8299-db2a53626183.jpg

5d732ca9-bffb-4eab-9cd1-a1f8df771de3.jpg

5c95be1c-4f49-4e99-9ed1-2ce1a6d06b5f.jpg

Бөлісу: