Қыстың ызғарлы күнінде мешіт қызметкерлері Қызылорда қаласының тазалығын қамтамасыз етіп отырған еңбеккерлерге сый жасады.
Қайырымдылық шарасын Қызылорда қалалық «Нұр» мешіті ұйымдастырды. Дін қызметкерлері мен ерікті жамағат 40 тазалық қызметкеріне азық-түлік қоржынын табыстады.
Іс-шараның мақсаты – ауа-райының қолайсыздығына қарамастан күн-түн демей қала тазылығы мен тұрғындар игілігі үшін қызмет жасап жатқан бірқатар азаматқа мешіт имамдары мен жамағаты атынан қолдау білдіріп, қамқорлық таныту.
Сонымен қатар қалалық «Хазірет Әли», «Алдажар Жәме» мешіттерінің ұйытқы болуымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 32 отбасыға азық-түлік көмегі берілді.
Бөлісу: