25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Елорда мешіттерінде «Астана тазалық» қызметкерлеріне қайырымдылық жасалды (ФОТО)

Елорда мешіттерінде «Астана тазалық» қызметкерлеріне қайырымдылық жасалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Халқымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құрметіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі бойынша өткен аптада «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне бірқатар қайырымдылық шаралары жасалды.

Қысы-жазы табиғаттың қолайсыздығына қарамастан құлшылық ордаларының сыртқы тазалығы мен ауладағы реттілікке жауапкершілік арқалаған азаматтармен Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы кездесіп, азық-түлік сөмкелерін табыстады.

Айта кетейік, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған қайырымдылық сөмкелері «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағына бекітіліген «Астана тазалық» ұжымының 30 қызметкеріне табыс етілді.

Сондай-ақ, өткен аптада «Әр-Рахман» және «Ырыскелді қажы» мешіттері де бұл игі бастамаға өзіндік үн қосып, тазалықшыларға түскі ас ұйымдастырып берген болатын.

taza1

taza1

taza1

taza1

taza1

Бөлісу: