25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Халал Даму» жылды қорытындылады (ФОТО)

«Халал Даму» жылды қорытындылады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Уәжитұлының қатысуымен «Халал Дамудың» жылдық қорытынды жиыны өтті.  Оған «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкілдер, кеңсе қызметкерлері қатысты.

Жиында жыл қорытындысы бойынша облыстағы жүргізілген жұмыстардың есептік көрсеткіштері, «ҚМДБ халал» логотипі патенттелгеннен кейінгі заңсыз пайдаланушыларға қатысты қолданылатын шаралар, құжат жүргізу тәртіптерінің қадағалану мәселелері қозғалды.

Б.Уәжитұлы: «Халал – тәннің саулығы, жанның азығы, шариғаттың талабы.  Халал өндірісінің дамуы мен адал өнімге деген ел сұранысының артуы отандық халал нарығының бәсекеге қабілеттігінің көрінісі. Халал Даму еліміздегі жан-жақты кәсіби мамандарды біріктірген, адалдықтың ақ туын желбіреткен мекеме. Бұл жыл еліміз үшін де, біздің ұжым үшін де оңай болған жоқ. Алайда, бірлігіміз бен табандылығымыздың арқасында бұл қиындықты да еңсеріп келеміз. Сіздердің елеулі еңбектеріңізді ескере отырып үздік жұмыс нәтижелерін көрсеткен Алматы аймағы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Шымкент қаласының өкілдері мен бірқатар қызметкерлер ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды», – деп Төраға алғысын жеткізді.

А.Асқарбекұлы жыл бойында атқарылған шаралар мен нәтижелерге алғысын білдіре отырып, мешіт асханаларын сертификаттау мәселесін жетілдіруді және өңірлік қасапшылар жұмысын жүйелендіруді тапсырды.

jil1

jil1

jil1

jil1

jil1

Бөлісу: