01
Жұма,
Қараша

һижри

Әйел адамдар үшін Телеграмда чат-канал ашылды

Әйел адамдар үшін Телеграмда чат-канал ашылды

Ел іші
Жарнама

17 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Чат-канал арқылы ару-аналар әйел ұстаздарға сұрақ қоя алса, ашылғанына аптаға жетпейтін уақыт ішінде 200-ден астам сауал келіп түскен,  деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі Телеграмда әйелдерге арналған чат-каналды іске қосты.

Чат-канал арқылы ару-аналар әйел ұстаздарға сұрақ қоя алса, ашылғанына аптаға жетпейтін уақыт ішінде 200-ден астам сауал келіп түскен.

«Каналға тек қана әйел адамдар тіркеле алады. Ол жерде негізінен отбасылық мәселелер, ислам тақырыбына қатысты сұрақтап талқыланып отыр. Канал қазіргідей карантин жағдайында аудиториямен кері байланыс жасаудың таптырмас құралы болып отыр» дейді чат-каналды ұйымдастырушылар.

 Телеграм чат-каналға «Атырау облысы ҚМДБ: Әйел кісілерге арналған сұрақ-жауаптар» деген атаумен қосылуға болады.

Бөлісу: