28 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті ForteBank мобильді қосымшасы арқылы да аударуға болады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз. Пітір садақа мен зекетті енді ForteBank-тің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн төлеуге болады:
Негізгі мәзірден «Қызметтерді төлеу» дегенді басыңыз,
Бұдан әрі «Жеткізушіні қосу» дегенді білгілеңіз,
«Қайырымдылық» деген сөзді таңдаңыз,
Әрі қарай «Пітір садақа» бетіне өтіңіз,
Мешітті, қайырымдылық түрін және сомасын көрсетіңіз.
Үйде қалыңыз! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!» делінген ForteBank мәлімдемесінде.
Айта кетейік, төлем кез-келген картадан, оның ішінде басқа банктердің карталары арқылы да жүргізіледі. Сіз садақа аударған кезде қосымшада көрсетілген мешіттердің пошталық мекен-жайына садақаның түрі, берген күніңіз және садақаның құны көрсетілген файл жіберіледі.
Биылғы пітір садақа көлемі жан басына 370 теңге болып бекітілгенін еске саламыз. Ораза қабыл болсын!