01
Жұма,
Қараша

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имам тағайындалды

«Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имам тағайындалды

Ел іші
Жарнама

28 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Ақмола өңірінің жамағатына бұрыннан таныс Сматаев Ибрагим Келдібайұлы қасиетті Рамазан айында жаңа қызметке кірісіп, мешіт ұжымына таныстырылды.

Діни сауатын 1989-1991 жылдары Целиноград (Астана) мешітінен ашып, 1992-1996 жылдары Түркия мүфтиятының «Имам хатиб» медрсесінде білім алған Сматаев Ибрагим Келдібайұлы ұзақ жыл бойы Ақмола өңірінде жемісті қызмет атқарған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауыл мешіттерінде шәкірт тәрбиелеп, қиындыққа толы кезеңде имамдық қызметін қалтқысыз атқарып, дін саласының дамуына зор үлес қосқан. Осы жылдар ішінде жұмыс тәжірибесін арттырумен қатар, білімін де үнемі жетілдіріп отырған. 2013-2015 жылдары Еуразия гуманитарлық институтында «заңгер» мамандығы бойынша білім алса, 2015-2018 жылдары «Ресей Ислам университетінде «дінтану» мамандығы бойынша білім алып шыққан.

Ибрагим Сматаев 1991-1992 жылдары Ақмола облысы, Изобильное ауылының бас имамы, 1996-2005 жылдары Ақмола облысы Аршалы ауданының бас имамы, 2005-2006 жылдары Ақмола облыстық Орталық мешітінің іс басқарушысы, 2006-2015 жылдары елордадағы «Төлебай» мешітің бас имамы, 2015-2017 жылдары «Нұр Астана» орталық мешітінің іс басқарушысы, 2017-2018 жылдары ҚМДБ-ның «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры, 2018 жылдан осы уақытқа дейін «Астана» медресе-колледжінің директоры қызметін абыроймен атқарып келді. Отбасылы, 2 қызы бар.

Бөлісу: