6 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елорда имамдарының кезекті жалпы жиналысы болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жақында ғана Нұр-Сұлтан өкілдігінің бас имамы болып тағайындалған Ерболат Жүсіпов қала имамдарымен жақынырақ танысып, жұмыс жоспарымен бөлісті.
Жиналыс барысында Елорда мешіттерінің қасиетті Рамазанға дайындығы, құлшылық ордаларындағы оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық шараларының жұмысы пысықталып, бірқатар жаңа тапсырмалар жүктелді. ҚМДБ 30 жылдығына орай жүзеге асырылатын 30 игі шара жайы талқыланып, жұмыс жоспары түзілді.