5 ақпан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордада 8 ақпан күні ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыратын айтыс Nur Otan партиясы қолдауымен өткізіледі. Бұл жайында Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы жариялады.
Дүбірлі додаға Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев, Әсем Ереже, Болатбек Оразбаев, Тілеген Әділов, Қалижан Білдәшев, Нұрлан Есенқұлов, Шалқарбай Ізбасаров, Ершат Қайболдин, Марат Ахметов, Рауан Қайдаров, Серік Қуанған, Нұрзат Қару қатарлы он алты ақын қатысады.
Жыр додасын Жүрсін Ерман жүргізеді.