02
Сенбі,
Қараша

һижри

Оқушылар «Ислам мәдениеті» мұражайын аралады

Оқушылар «Ислам мәдениеті» мұражайын аралады

Ел іші
Жарнама

5 ақпан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Өскемен қаласындағы №45 мектептің оқушылары «Халифа Алтай» мешітінде ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Танымдық тағылым алуға арнайы келген оқушыларды «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы қарсы алып, мұражайды таныстырды. Ол музейдегі әр жәдігердің тарихын оқушыларға мұқият түсіндіріп, мұнда Сақ, Ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін жәдігерлер көп екенін айтты.

«Елбасымыз «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпаққа насихаттау аса маңызды деп көрсеткен. Сондықтан осы мұражаймен танысу арқылы оқушылар ұлт тарихынан, Ислам әлемінен құнды деректерге қанық болады» деді Берік Кәдірұлы.

Оқушыларды Құранның және көне жазбалардың заманауи электронды нұсқасы ерекше қызықтырды. Осылайша «Ислам мәдениеті» мұражайы мәдени-рухани орталыққа айналып, оқушылардың тәлім алуына мол әсерін тигізіп отыр.

mini1

mini1

mini1

Бөлісу: