26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

РАНТ 120 мың адамға ақпарат жеткізді

РАНТ 120 мың адамға ақпарат жеткізді

Ел іші
Жарнама

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің жылдық есебі жарияланды, деп хабарлайды muftyat.kz  сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарының бірі – халық арасында сапалы, заман талабына сай уағыз-насихат жұмыстарын жүргізу, халықтың руханиятын көтеру. 

Осы игі мақсаттарды жүзге асыру бағытында ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі бірқатар шараларды жүзеге асырды.

Атап айтқанда, ай сайын алдын ала бекітілген тақырыптарға сай күнделікті бесін намазының алдында 5-10 минут арасында Имам Науаидің «Хадистер жинағы» кітабынан дәрістер жүргізілді. Бір жыл көлемінде Қазақстандағы барлық мешітте бесін намазының алдында 300-ден астам хадис айтылып, жамағатқа түсіндірмесімен жеткізілді.

Ақшам намаздарынан кейін «Иман негіздері», «Ислам ғылымхалы», «ҚМДБ пәтуалары», «Адамзаттың асыл тәжі», «Дін және дәстүр», т.б. оқулықтар бойынша әр мешітте 300-ге жуық діни дәріс жүргізілді.

Жат ағыммен жұмыс үш бағыт бойынша жүзеге асты:

Жалпы кездесу;

Жеке кездесу;

Әлеуметтік желімен жұмыс;

Жалпы кездесулер қоғамды жат ағымның жетегіне еріп кетуден сақтандыру шаралары бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, бір жыл көлемінде орташа бір айда 3 100 жалпы кездесу ұйымдастырылып, оған 25 000 адам қатысты.

Жеке кездесулер бойынша бір жылда 2 500 кездесу өткізілді. Әлеуметтік желілер бойынша жыл басынан бері 2000-ға жуық мәлімет жарияланды.

2019 жылы бекітілген  құрамға сәйкес, еліміздің барлық аймағында 420 ЖАНТ (жергілікті ақпараттық насихат тобы) мүшесі қызмет жасайды. ЖАНТ күнделікті діни рәсімдермен қоса, бесін-ақшам намаздарында айтылатын уағыздан бөлек негізгі үш бағытта ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізеді:

1) жалпы мекемелер,

2) оқу-орындар,

3) қала-аудан мешіттері.

Жыл басынан бері жат ағымның алдын алуда, қоғамның рухани құндылықтарын арттыруда республика бойынша мемлекеттік мекемелерде, абақтыларда 440 кездесу өткізіп, оған 23 116 адам қатысты. Оқу орындарында 511 кездесу өткізіп, оған 29 651 адам қатысты. Өңірлерге қарасты қала, аудан, ауылдардағы мешіттерге арнайы сапармен барған ЖАНТ мүшелері мешіт жамағатымен 960 кездесу өткізіп, 71 182 адамға насихат айтты.

Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұровтың айтуынша, 2019 жылы бекітілген құрамға сәйкес, 42 РАНТ (республикалық ақпараттық насихат тобы) мүшесі жұмыс істейді. Олар еліміздегі әртүрлі мекемелерде 300-ге жуық кездесу өткізіп, 120 000 адамға ақпарат жеткізді.

Бөлісу: