26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти елшіге көңіл айтты

Бас мүфти елшіге көңіл айтты

Ел іші
Жарнама

20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиевке елшілік қызметкері Еламан Құлниязұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Еліміздің Египет Араб Республикасындағы елшілігінің белді қызметкері, асыл дініміз бен дәстүріміздің жанашыры Еламан Құлниязұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым.

Сіз басқарып отырған елшіліктің барша ұжымына, сонымен қатар марқұмның отбасы мен туыстарына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан көңіл айтамын. Дін қызметкерлері қайғылы оқиғаға байланысты дұға-тілектерін жолдауда.

Еламанның еліміздің игілігі жолында атқарған қызметі барша дипломаттар мен жастарға үлгі-өнеге болары сөзсіз.

Алла Тағала қайғының артын қайырлы еткей. Оның отбасына, ағайын-жұртына Жаратқаннан көркем сабыр тілейміз. Иманды болсын» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Бөлісу: