ҚМДБ-ның Мысыр Араб Республикасындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығында «Талаба» қауымдастығы студенттеріне рухани мәуліт кеші өтті.
Алдымен ҚМДБ-ның осы елдегі өкілі Руслан Амантұрсынұлы әл-Азһарда білім алып жатқан қазақстандық шәкірттерді Мәуліт айымен құттықтап, рухани кешті ашып берді. Жиында мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны және уағыз-насихат айтылды.
Бірер ай бұрын ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ресми түрде ашқан «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығында өткен мәуліт қазақ жастарына ерекше рухани әсер қалдырды. Биылғы мәуліт жиынының ерекшелігі де «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығында алғаш рет мәуліт оқылды.