25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Тәуелсіздігім – бар байлығым» атты рухани кеш өтті

«Тәуелсіздігім – бар байлығым» атты рухани кеш өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

15 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінде «Тәуелсіздігім – бар байлығым» атты рухани кеш өтті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Жібек» қыз-келіншектер клубы ұйымдастырған іс-шарада  әйел жамағатының басы қосылып, еліміздің сан ғасырлар арманы болған тәуелсіздік туының желбіреген күні аталып өтті. Рухани кештің басында сөз алған клуб жетекшісі, ұстаз Динара Нұрғалиева жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, осындай қастерлі мерекені атап өтудің мән-маңызына тоқталды. Артынша еліміздің азаттығы жолында өздерін құрбан еткен, қыршынынан қиылған ерлердің рухына Құран бағышталды.

Жалғасында тәуелсіздік тарихынан сыр шертетін видеороликті тамашалаған қауым еріксіз көздеріне жас алып, туған тілімізді, ділімізді аманаттап кеткен ержүрек арыстарды тағы да бір еске алды. Кешті «Нұр Астана» мешітінде педагогикалық тәжірибеден өтіп жатқан «Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірттері Айжан Полат, Нұрбану Муханова, Ақмарал Беркибаева жүргізді.

Әрі қарай мерекелік сарында өткен шарада «Тәуелсіздік – тұғырым, имандылық – қазынам» атты эссе сайысының жеңімпаздары марапатталды. Кеш соңында ұйымдастырушылар мен «Жібек» клубының мүшелеріне дастархан жайылды.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: