31
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Діни бірлестік өкілдері ағаш отырғызды

Діни бірлестік өкілдері ағаш отырғызды

Мешіт тынысы
Жарнама

25 Cәуір. Астана. Ummet.kz – Діни бірлестіктер өкілдері «Конфессияаралық келісім аллеясына» ағаш отырғызды деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Қазақстан халқының бірлігі – елдің басты байлығы» тақырыбын арқау еткен Қазақстандағы діни бірлестіктер өкілдерінің жиыны барысында «Конфессияаралық келісім аллеясына» ағаш отырғызылды.

Жиынға Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов,  Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы, Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы директорның орынбасары Айбек Аташев, сондай-ақ діни бірлестіктердің, атап айтқанда Қазақстандағы православ шіркеуі, Рим-Католик шіркеуі, Еврей қауымы және т.б. Қазақстан діни бірлестіктері Қауымдастығының басшылары мен өкілдері қатысты.

Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне, сондай-ақ қаланы көгалдандыру мен жаңарту идеясын қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

1

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

17

Бөлісу: