«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті жылы шырайлы көктемнің хабаршысы болған, тамыры ежелгі дәуірлерден бастау алған Наурыз мейрамын атап өтуді бастап кетті.
Бүгін мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының шәкірттері жамағатқа арнап мереке әрі сауапты іс ұйымдастырды.
Наурыз мейрамының құрметіне орай ұйымдастырылған ізгі шарада мешіт шәкірттері 300-ге жуық жамағатқа дәмді Наурыз көже, ыстық бауырсақ пен тәттілер үлестірді.
Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымына және шәкірттерге жамағат зор алғыстарын білдірді.
ummet.kz