25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: «Қажының тұлғалық келбеті» тақырыбында уағыз айтылды (фото)

«Әл-Фараби»: «Қажының тұлғалық келбеті» тақырыбында уағыз айтылды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы мешіт жамағатына апта сайынғы дәстүр бойынша ақшам намазынан соң ақ дастархан жайды. Әр бейсенбі сайын жамағаттың басын қосудың мақсаты – мешіт жамағатына көркем насихат пен пайдалы ақпарат беру. Бұл жолы мешіт ұстазы Нуриддин Абдусаматұлы «Қажының тұлғалық келбеті» тақырыбында насихат айтты.

Алла Тағала қасиетті Құранда «Әли Имран» сүресінің 97-аятында: «Онда айқын дәлелдер және Ибраһимнің орны бар, кімде кім оған кірсе қамсыз балады. Шамасы жеткен адамдардың Алланың ризашылығы үшін Кағбаны хаж етуі парыз. Кімде кім қарсы келсе, Алла күллі әлемнен беймұқтаж» деген.

Насихат барысында қажылық жасаудың әдептеріне тоқтала келе Нуриддин Абдусаматұлы:

«Құлшылық үш түрге бөлінеді. Бірі дене құлшылығы болса, намаз, ораза сияқты, енді бірі қаржыға байланысты зекет, ұшыр, садақа сияқты мал- дүниені тиісті жерлерге сарып қылу арқылы атқарылады. Ал қажылық болса, мал дүние мен дене құлшылығын қоса атқарылатын құлшылық түрі. Қажылық, мұсылман болған балиғат жасына толған ер болсын, әйел адам болсын, ақыл есі дұрыс, азат болған, қажылық жасауға шамасы жеткілікті, бала шағасы қайтып оралғанға дейін таршылық көрмейтін адамға парыз болады. Пайғамбарымыз(с.а.с): «Қажылық кезінде жаман сөз айтпаған, дұрыстықтан айырмаған адам анасынан туған күнгідей күнәсіз болады» деген. Абай атамыз айтқандай: «Ақылды адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз» дегендей, иманның парыздарын мойындап, жан дүниесімен сеніп, қабылдап қана қоймай, сол иманнан айырылып қалмайтындай білімді де игеру керек» деп жамағатқа кеңінен мағлұмат берді.

Сондай-ақ, мешіт жамағатының қажылық жасау тақырыбындағы түрлі сұрақтарына мешіт ұстазы тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Бейсенбінің ақшам кешінде өзекті әрі пайдалы насихатпен сусындаған жамағат мешіт ұжымына зор алғыстарын білдірді.

2225d76a d144 4503 962b cc60ddcf0eed

c4cb29c1 49c6 4eef 8c69 94b09417c603

c6f0b5a6 3134 4a04 94cb b3615966a34f

ummet.kz

Бөлісу: