25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Жалпықалалық сенбілікке атсалысты (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Жалпықалалық сенбілікке атсалысты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөледі. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде тазалықты әспеттеп: «Тазалық — иманның жартысы», «Тазалық – намаздың кілті», деген.

Жыл сайын қала бойынша ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстарына белсене қатысатын «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің жамағаты үшін бүгінгі күн сондай сауапты күндердің бірі болды. Пайғамбар (с.ғ.с) парасатынан тағылым түйген мешітінің ұжымы «Жасыл Астана» күзгі экологиялық айлығы аясында өткен қалалық сенбілікке жұмыла атсалысты.

Бас имам Нұрлан Рамазановтың бастамасымен мешіт ұжымы құлшылық үйінің маңына сенбілік шарасын жүргізді. Жалпықалалық сенбілікке атсалысқан «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты мешіт айналасын, оның аумағындағы саябақты ретке келтірді. Ал, әйелдер жамағаты мешіттің ішін жиыстырды. Шаң сүртіп, есік-терезелерді жуып, күндегісін күнде жайнап тұратын мешітті одан сайын мұнтаздай етті.

a056b8e2 8df3 4441 b24f d0b8633aeb53

da1d7433 1e56 471f a98d 09753d8e3902

920c1d17 f4a9 4593 9a83 e9ad0be5fe79

a056b8e2 8df3 4441 b24f d0b8633aeb53

b1885264 a18d 4c86 aa0d d06511f3120a

ummet.kz

Бөлісу: